"Тергеу аяқталды": Метро салу кезінде 5 миллиард теңге жымқырылған

/image/2024/01/11/crop-3_97_669x1189_5f6d90d7cf158104070831.jpg

Прокуратура былтыр "Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Бас көлік прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында 2023 жылдың жұмысы қорытындыланды. Жұмыстар нәтижесінде мемлекетке 53 миллиард теңгеден аса сомаға активтер қайтарылған.

"Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық ісматериалдары сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Прокуратураның үйлестіру шаралары бойынша, кедендік бекеттерде ("Нұр-Жолы" бекеті, "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы) жүктердің өткізу қабілеті 4 есеге артып, тауарларды жеткізу мерзімін 2 айдан 10 күнге дейін қысқарған.

Сондай-ақ, прокуратураның талабы бойынша жергілікті атқарушы органдар Алматы, Шымкент, Астана және Түркістанның әуеаймақ маңындағы кездейсоқ қоқыстарды жойған.

Қадағалаушы органның үйлестіруі нәтижесінде, ұшақтардың құстармен соқтығысу жағдайы әуежайларға жақын маңдарда айтарлықтай жақсарды. Мұндай жағдайлардың 60 пайызға төмендеуі тіркелгені айтылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар