30 қаңтарда сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылында 2 қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйде жарылыс болды.
Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.
Құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді.
25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді.
Пікір қалдыру