Солтүстік Корея 2020 жылдан бері биыл алғаш рет туристерді қабылдай бастады

/image/2024/02/09/crop-9_5_671x894_solt.jpg

The Telegraph басылымының мәліметінше, соңғы төрт жылда алғаш рет КХДР-ға саяхаттауға рұқсат алған туристер ресейліктер екен. Солтүстік Корея 2020 жылы Covid-19-дың таралуына байланысты шекарасын тарс бекіткен.

КХДР-ға төрт күндік турды ресейлік туроператорлардың бірі ұйымдастырып отырғаны нақтыланады. Оның аясында Владивостоктан Пхеньянға және Солтүстік Кореяның Масикрен тау шаңғысы курортына барып демалуға болады. Сапар құны - бір адамға 750 доллар (337,3 мың теңге). Бұл сомаға бес жұлдызды қонақүйде екі түн және төрт жұлдызды қонақүйде бір түн түнеу құны да енеді.

Ал Википедияның бұл ел туралы ақпарат берген парақшасының төбесінде мынандай ескерту ілініп тұр:

"Солтүстік Кореяда туристік сапар тек экскурсия түрінде жүргізіледі. Жекелей, өз бетімен бұл елге бару мүмкін емес. Жергілікті заңның, жүріс-тұрыс тәртібімен келіспеймін десеңіз, онда бұл елге бару райыңыздан қайтқаныңыз жөн". 



Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар