Талдықорғанда шенеунік белгісіз көшені жөндеуге мемлекеттен 500 миллион теңге сұратқан

/image/2024/02/27/crop-5_4_427x630_7835_med.jpg

      Жетісу облысының прокуратурасының мәліметінше, шенеуніктің күдікті әрекеті назар аудартқан.

    - Тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған. Ақаулы актілер мен әр көше бойынша жұмыстардың сметалық құнын анықтап бермеген, – деді қадағалау органы.

     Прокурорлар осы мемлекеттік сатып алу конкурсымен бірге тағы бесеуінің күшін жойған. Солардың бәрін есептегенде шенеуніктер жоспарлаған тапсырыстардың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асады екен.

    - Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамадағы біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалады. Сондықтан әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп қиындатамыз, – деді ведомство. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар