"Қылмыстық іс сотталушының кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында жасалған іс жүргізу келісімімен сотқа келіп түсті. Жаза тағайындау кезінде сот оның шын жүректен өкініш білдіргенін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді", деп хабарлады Көкшетау қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімімен ер адамға шартты түрде бір жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған пробациялық бақылау орнатылды.
Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, 31 қаңтарда Ақмола облысының тұрғыны бүйрегін 8 млн теңгеге сатуға тырысып, ақша алып жатқан кезінде ұсталған болатын.
Пікір қалдыру