2 наурызда Алматының Жетісу аудандық полиция бөліміне № 28-74 шекара бөлімінің подполковнигі ұсталғаны хабарланған. Ол мас күйінде 14 жасар баламен кездесуге келген делінеді.
Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті түсінік берді.
«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Істің объективті мән-жайы анықталып жатыр» деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Пікір қалдыру