Алматыда Наурыз мейрамын тойлау Көрісу күні – Амал мерекесін атап өтуден басталады. Өкпе-ренішті артта қалдырған халық Амал мерекесінде қол алысып, төс қағыстырады, қариялардан бата сұрап, құрмет көрсетеді, жақсы тілектер айтады.
Айта кетейік, 14 наурызда Көк Төбеде қала тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 10:00-де ашық аспан астында "Көктөбедегі Амал күні" атты мерекелік концерт өтеді.
Оған "Жігіттер" тобы, "Алатау серілері" тобы, Мөлдір Әуелбекова, Айгүл Қосанова және "Алатау" дәстүрлі өнер театрының әртістері қатысады.
Пікір қалдыру