Сонымен «әз» сөзі туралы толығырақ тарқатып көрсек, бұған қатысты Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы Qamshy.kz-ке тарқатып айтып берді. Ол қазақ сөзінің түбірінде (өз түбі, сөздің атасы) Аз (Әз), ары қарай Қаз, Ақ (Әк), Аза, Азақ, Қазақ болып шығады деп пайымдайды.
Әз сөзінің әлемге әйгілі ұлы аталарымыздың есімінен бұрын айтылатынының да, жазылатынының да сыры осы. Тағы да қайталап айтамын. Бұл есім Қазақ (Аз, Азақ, Азық, Азия, Азау (Азов), Азаулы, Қаз, Қазақ, Қазан, Қазар, Қазық, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан) деген атпен бүгінге жеткен ұлы елдің түп атасы. Қазақ атауы түбірінің «Аз» болатыны тек қана осыны білдіреді. Бұл дауға жатпайтын тұжырым. Бұған дау айтып, сенімсіздік білдіргенің, сенің таза мәңгүртке айналғаныңды, яғни Адамзаттың атасы маймыл деген Дарвиннің «ілімін» толықтай басшылыққа алғаныңды білдіреді, – дейді жазушы.
Сондай-ақ жазушы «әз» сөзіне қатысты наным-сенімдер туралы да тарқатып айтып берді. Яғни, оның айтуынша, халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой және оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – Наурызнама» деген екен. Ал, Сәбит Дөнентаев – «Бұл мейрам – дін мейрамы емес, ұлт мейрамы» – деп айтқан.
Әз – наурыз. Әз сөзінің жақсы, игі деген мағынасы да бар. Осыған қарап, аяздың біткенін, жақсы күннің келгеніне балап, әз атын қойса керек-ті. Осы мезгілде қазақ халқы жеті дәмнен құралған көже жасап, өзара қыдырысып, мәз болады. Бұл дәстүрдің көптеген ауданда қалпын бұзбай сақталғаны көпшілікке аян. Әз келгенде кір жуып, тырнақ алуға болмайды. «Әз келмей, мәз болмас, шаңқан келмей, бөз болмас, шағала келмей, жаз болмас». Әз дүркіреп өте шығады, әз кіргенде қой жайылмай көкке қарап тұрады. Жазғы тұрым сағым әсерінен бүкіл табиғат тұнық болып көрінеді, – дейді.
Ал әз сөзіне қатысты тіркестерге келсек, қазақтың көп сөзі «Әз» сөзімен байланысты. Мәселен, адам атына, табиғатқа қатысты көптеген тіркестерді өзіміз де естіп жүрміз. Осы орайда, жазушы «Тәуке хан, әз-Тәуке Мұхаммед Баһадүр», «Ұстазды атаңнан да әз тұт», «Әз – таза деген сөз», «Армысың, Әз баба» (кітап). «Ала қалжың, ақтай күлкі, Әз-шыны аралас ақ жарылған күлкі». «Әз – Зәлзәлә - Дірілдеу, сілкіну), «Әз – Зәйтун – жылы жақта өсетін сарғыш өсімдік» (Құран Кәрім аудармасынан). «Көзі мықты: а) соқыр болды, әз болды» (Фразеологиялық сөздіктен), «Жүрегіне әз-ұлты үшін білім нұрды жинаған» т.б. сөздер көп дейді.
Енді бір деректердерде «Әз» сөзі көр соқыр деген мағынаны да білдіретін көрінеді. Мәселен, ақын Әбдікәрім Оңалбаевтың "Таң алдында" өлеңінде
"Жымыңдап француз шал екі көзі "Әз",
Кетеді секілденіп көңілі жаз, дейді.
Ал екінші бір ауыспалы мағынасына келсек, көне, бұрынғы деген сөзді білдіреді-міс. Оған дәлел ретінде Әсет Найманбайұлының шығармаларын мысалға келтірсек, "Сөйлейін екі ғашық әңгімесін, Бұл сөзім тыңдаған жұрт көпке сыйса. Кәдуілгі заманда болып өткен, туады аз әңгіме жоқтан мұнша" деп жазады.
Одан бөлек, аталарымыз өздерінің асыл ұлдарына олардың тегі етіп құрметтеп берген лақап (мадақ) аты осы «Әз» болып табылады. Мәселен, Әз Наурыз, Әз Түрік, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әз-Захир (Бейбарыс сұлтан), Әзіреті Сұлтан (Қожа Ахмет Яссауи), Әзіреті Расул (Мұхаммед Пайғамбар), Әзіреті Әли, Әзіреті Омар, Әзіреті Оспан, Баба Түкті Шашты Әзиз, Баба Түктінің әкесі Керемет Әзіз, Әбдул Әзиз Баб (Алаша ханның әкесі), Қарабура Әз әулие (Бурахан Әзі), т.т. жалғасып кете береді.
Ал сіз, оқырман «Әз» сөзі туралы не білесіз?
Пікір қалдыру