Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.
Көлік министрі Марат Қарабаев бастаған қазақстандық делегация Үрімші қаласының бірқатар көлік инфрақұрылымы нысанын, оның ішінде халықаралық құрғақ портты, экспресс жеткізу орталығын (Jitu Express), «Қытай-Еуропа» теміржол экспресс хабын және Шыңжаң сауда-логистикалық корпорациясының кеңсесін аралады.
Сонымен қатар, көлік министрлігінің басшысы «Қытай Халық Республикасы-Еуроодақ» бағыты бойынша «Тяньшань» мерейтойлық 150 контейнерлік пойызын жөнелту рәсіміне қатысты.
Салтанатты рәсімде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы жүзеге асырылып келе жатқан 10 жылдың ішінде (2013 жылдан бастап) Қытайдан батыс бағытта 85 мыңға жуық контейнерлік пойыз жөнелтілгені, оның 80%-ы Қазақстан арқылы өткені атап өтілді.
Жоғарыда аталған нысандарды аралау барысында тараптар логистика инфрақұрылымын ынталандыруға және жақсартуға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жоспарларын өзара келісті.
Пікір қалдыру