СҚО-ға көмекке келген құтқарушылардың бірі қайтыс болды

/image/2024/04/04/crop-27_7_647x1151_975a823f-5f62-4591-b21d-3ca4a6901ec9.jpg

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына су тасқынына байланысты көмекке келген түркістандық құтқарушы Бекжан Балданов кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

45 жастағы құтқарушы 2 сәуірге қараған түні Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың реанимация бөліміне түскен. Бекжан Балдановтың өліміне жіті миокард инфарктісі себеп болған.

Құтқарушы Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайрам ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болып еңбек еткен. 

Марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар