Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.
Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген Заң халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
«Қарастырылып отырған заң Сенат депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен 10 жұмыс тобының, бас комитеттің кеңейтілген отырыстарында жан-жақты талқыланып, қарастырылды.
Заңды талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында заңды жетілдіруді көздейтін маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Барлық ұсыныстар мен ескертулер 11 түзетуден тұратын салыстырмалы кестеге жинақталып, сенаторлардың назарларыңызға ұсынылып отыр. Оларды атап айтатын болсақ, құқықтық қайшылықты болдырмау мақсатында Жер кодексіне қоныс аударушыларға конкурстан тыс тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің мерзімдеріне қатысты толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексі 428-1-бабының екінші бөлігі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қылмыс жасаған жағдайда екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қатаңдатылып, жазаның балама түрлері алынып тасталды», - деді сенатор Советбек Медебаев.
Пікір қалдыру