Елорда мектептерінің бірінде 7 жыл бойы жұмыс істемейтін адамдарға жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді.
Мемлекетке келтірілген шығын сомасы 130 миллион теңгеден асады. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәсын толық мойындаған.
Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Пікір қалдыру