Жұмыс тобының құрамына парламент депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірген.
Министрлік сонымен қатар жұмыс тобына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылғанын хабарлады.
Алайда "Нет утильсбору" қозғалысы жетекшілерінің бірі, белсенді Санжар Боқаев үкіметтің жұмыс тобына қозғалыс мүшелері шақырылмағанын мәлімдеді.
Пікір қалдыру