Үйде отырған әйел неден шаршайды? (видео)

/image/2024/06/27/crop-12_26_331x589_131954136400.jpg

Маусымда әлемнің бірқатар елдері қызық әрі арқалайтын жүгі ауыр күнді атап өтеді. Ол үй шаруасында отырған әйелдер мен еркектер күні. Біздің жағдайымызда көбіне үйде әйелдер отыратыны белгілі. Олай болса, үйде отыру әйел адамның өміріне, психологиясына қалай әсер ететінін анықтап көрдік.

Ғалымдар адамның жұмыс істемей, үйде отыруын мазасыздық пен стреске душар ететін себептердің бірі ретінде көрсетеді. Түрлі зерттеулер нәтижесінде жұмыссыз адамда өзін бағалау деңгейі төмен, депрессия деңгейі жоғары келетіні анықталған.

 

Психолог Ержан Мырзабаев үйде отырған әйелдерді тұрмыстың бітпейтін тірлігі физикалық тұрғыдан шаршататын болса, қайталанып жатқан күндер мен әртүрлі ортамен қатынасқа түсу мүмкіндігінің жоқтығы психологиялық тұрғыда шаршататынын айтады. Оның сөзінше, үйде отырудың әйел психологиясына кері әсері оның ашушаң, мазасыз бола бастауынан, үнемі меланхолия жағдайында жүретінінен аңғарылады. 

Мұндай күйдегі қыз-келіншектерді “осы сен үйде не істеп шаршайсың” деп абайсызда айтылған сөздің өзі ашуландыруы мүмкін. Үйде отырған әйел неден шаршайтынын тұрғындардан сұрап көрдік.

Ержан Мырзабаев депрессияға шалдыққан әйелдер одан арылтудың жалғыз амалы жұмысқа шығу деп түсінбеуі керектігін атап өтті. Егер әйел үйде бала күтіміне байланысты отырса, нәрестесін бақшаға беріп, жұмысқа шығуға асықпай, өзі мен сәбиінің денсаулығына көңіл бөлуі керектігін айтты.

 

“Бұл жерде әйелге жарының қолдауы қажет. Кейде әйел дүниеге бала әкелгеннен кейін нәрестесіне көбірек көңіл бөліп, еркек жырақта қалып, қарым-қатынаста кризис орнап жатады. Батыстық психологтар осы жерде еркектер бар жауапкершілікті алып, әйелі мен баласын қапсыра құшаптап, көбірек көңіл бөлсе, кризис қарым-қатынасты дамытып, берік ете түсетін мүмкіндікке айналады деп тұжырымдайды. Сондықтан еркектер әйелін айыптамай, керісінше, оны тыңдап, қолдап, үй шаруасында көмектесіп отырғаны дұрыс” дейді психолог. 

Маман үйде отыруға мәжбүр қыз-келіншектердің серігуіне спортпен шұғылданып, айналысатын ермек табу, театр, концертке барып, түрлі тренинг, семинарларға қатысу арқылы өміріне әртүрлілік енгізу жақсы көмектесетінін жеткізді. Бұған оның жары белсенді атсалысып, тиісті жағдай жасауы маңызды.

"Ал үйде отырған әйел ауыр күйзеліске ұшыраса, онда психологтардың жеке консультациясына жүгінгені жөн" дейді сарапшы.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Qamshy.kz (@qamshy.media)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар