14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қоқыс сұрыптау кезінде зауыт жұмысшылары қоқыс дорбасына оралған нәрестенің денесін тауып алған. Алматы полиция департаменті ақпаратты растады.
"Баланың анасының жеке басы және басқа да мән-жайлар анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды" деп хабарлады полиция департаменті.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пікір қалдыру