«Мен көрші елдердің утильалым мәселесінде қандай тәсіл қолданатынын назар аударып көріңіздерші. Олар утильалымды алып тастауды қойып, құнын көтеріп жатыр. Қырғыз республикасы Chevrolet Cobalt және Onix өндіретін желіні іске қосқан екен. Енді олар да утильалым енгізбекші. Бұл жерде түсіну керек, Қазақстан утильалым мен алғашқы тіркеу мөлшері бойынша маңайымыздағы көрші елдерден қалып қойдық», - деді министр.
Ресейдегі утильалымның қымбаттауы біздегі бағаға әсер етпейді деп ойлайтынын айтты.
«Бағаның айырмашылығынан бізде тағы ескі көліктер қаптауы мүмкін. Оның әсері экологияға, жолдағы қауіпсіздікке тиеді. Шынымен ондай тәуекел бар. Ресейден бізге автоқоқыс ағылса, қазақстандықтарға жолда жүру қауіпті бола түседі», - деді Қанат Шарлапаев.
Пікір қалдыру