Прокуратура мәліметінше, үйге баса-көктеп кіріп, балаларды ұрып-соғып, байлап кеткен ер адам үш бап бойынша күдікке ілінген.
"Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі, 126-баптың 2-бөлігінің 5, 7-тармағы, 149-бабының 2-бөлігі, 120-баптың 1-бөлігі "Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп немесе жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа түсу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс аудандық прокуратурасына келіп түсті. Іс материалы зерттеу қорытындысына сәйкес, сотқа жіберу мәселесі шешілетін болады" делінген хабарламада.
Осы жылдың ақпан айында әлеуметтік желіде балалардың соққыға жығылғаны туралы видео тараған болатын. Онда аяқ-қолы байланып, бет-аузы көгерген кішкентай ұл мен қыз баланың қатты шошынып, сөйлей алмай жатқан және оларға көршілерінің көмек көрсетіп жатқан сәті түскен.
Кейін Алматы облысының бас полицейі Бауыржан Әленов күдіктінің ұсталғанын жеткізді.
Сондай–ақ, Алматы облысының дәрігерлері белгісіз ер адамнан таяқ жеген балалардың жағдайы туралы айтты.
Пікір қалдыру