Мемлекет басшысы Түркістан қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді

/image/2024/09/27/crop-32_20_624x1109_e7f8yuwnufbdmvrlyg5vnvtdoulcuy9dvdsp9r0l.jpg

Нысанда Италия, Канада, Германия, Финляндия елдерінде шығарылған қондырғылар орнатылған. Арнайы технология алаңның пішінін өзгертуге мүмкіндік береді.

Сол арқылы мұз айдынында бір мезгілде бірнеше спорт түрімен шұғылдануға болады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұз сарайын аралап көріп, балалардың өнерін тамашалады.

Сондай-ақ бапкерлермен және спортшылармен кездесті.Президент отандық спортшыларды әрдайым қолдайтынын, жетістіктерін бақылап отыратынын айтып, оларға сәттілік тіледі.

Жергілікті «Turan Tigers» хоккей клубының спортшылары Мемлекет басшысына команданың жейдесін сыйға тартты.

Жалпы, Түркістанды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай облыс орталығында «Түркістан-арена» стадионы, көпбейінді «Олимпик» орталығы және Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені, «Тұран» футбол академиясының ғимараты бой көтерген.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар