Қазақстандық өнертапқыш көліктерді бейнеэффектілерде түрлендірудің жаңа әдісін ойлап тапты

/image/2024/11/29/crop-16_37_784x875_144615046200.jpg

Ерболат Сәрсембаев туралы қысқаша тоқтала кетсек, кино саласында 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. Сонымен қатар ол қазір армандаған жобасы – ғылыми-фантастикалық фильммен айналысады. Ерболат алғашқы бейнеинженерлік жұмысын жасау үшін Adobe After Effects қолданбасын пайдаланыпты. 

  • Медеуде автокөлік фестивалі өтіп жатқанын біліп, көліктерді жалға алуды жөн көрдім. Мен бірегей нәрсе жасағым келді, өңдеуді жаңа жолмен қолданғым келді. Әрине, шығарма эксперименттік сипатта болғандықтан, оны шығарамын ба, жоқ па деген күмәнім болды. Бірақ бейнеролик шыққаннан кейін бәрі өзгерді - бұл бүкіл әлемдегі автомобиль контент индустриясына әсер етті, - дейді Ерболат Сәрсембаев.автор

Бейнежазба жарияланғаннан кейін әр елдің мамандары кеңес пен нұсқау алу үшін Сәрсембаевқа жүгіне бастаған. Оның бұл жұмысы сұраныста болса да, ешқандай ақы алмастан, Ерболат өз әзірлемелерін тегін берген. «Көбісі менің жұмысымды қайталауға тырысты. Бірақ бұл айтарлықтай оңай емес. Тіпті After Effects-тегі көп жылдық тәжірибем болса да, бір жұмысты жасауға бір апта уақытым кетті», - дейді ол.

Қазіргі таңда Transform Transition эффектісі жаһандық трендке айналған. Тіпті әлемдік блогерлер мен контентмейкерлер оны өз жобаларында белсенді қолдана бастаған да. Дегенмен, Ерболат атап өткендей, салаға дем берген әдістеме Алматыда жасалған.   

«Жалпы YouTube-те мұндай эффектілерді қалай жасауға болатыны жайында көптеген видеороликтер бар. Бірақ ешқайсында бұл жұмысты менің жасағаным туралы айтылмайды. Мен оғанр ренжімеймін де. Керісінше, менің жұмысымның өзгелерді шабыттандыратынына және көпшілікке қажет болғанына қуаныштымын. Әрі Қазақстанда да бейнеинженерия саласында жоғары білікті мамандар бар екенін әлем білсе деймін», - дейді Ерболат сөз арасында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар