Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін

/image/2024/12/02/crop-19_10_427x760_800x450.webp

ТЖД тұрғындар мен қонақтарға қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
- Алматы облысында 2-5 желтоқсан аралығында көшкін жүру қаупі бар. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура деңгейінің жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, - деді Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Айгерім Қанабекқызы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар