Тағы сол НДС жыры...

/uploads/thumbnail/20250211191337890_big.webp

Түбінде НДС салынатын айналым азаймай, салық өспей қоймайтын сияқты. Ендігі мәселе кімге және қанша өседі сұрақ қана.

Кеше қаржы министрі Мәди Такиев пен вице-министр Азамат Әмрин кәсіпкерлермен кездесіп, тағы бір талқыға салыпты. Кімге 16%, кімге 10%, кімге 0%, ал кім мүлдем босатылады деп.

Тамақ өндіретін сала (егін, мал сияқты ауыл шаруашылығы) мүлдем босауы тиіс-мыс деген бастама айтыпты. Бұл бұрыннан бар, дұрыс болсын, азық-түлік өспеуі керек.

Сосын өнім шығаратындарға жеңілдік бар көрінеді. Бұл күмілжітеді. Қытайдың планшетіне “Қазақстанда жасалған” деп пере салғанды көргенбіз.

Басқалар 15 млн асса 16% төлеуі тиіс.

Бірақ тізімнен осы уақытқа дейін босатылып келген банктер мен фармацевтика (оның ішінде алыпсатарлар) жоқ. По крайней мере көрмедім.

Меніңше бұл әлі шикі, хотя обсуждение ғана болса да. Бірақ “бәріне 20%” деген бастапқы бас кесу райынан қайтқан сияқты.

НДС түбі төлейді екенбіз, осындай ақылдасу, пікір таласу кезінде мейілінше жеңілдетіп алайық, ертең қылышты боққа шаппай. Онсыз да қалт-құлт орта, шағын бизнесті тұншықтыра бермей, мемлекеттен триллион көмек алса да салықтан босатылған саланы көбірек қамтамасыз етсе дейсің де...

Алмас Тоқабаев

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар