Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде 640 метр тереңдікте шахтада тау массасының құлауы орын алды.
Құлау аймағының артында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді, - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Пікір қалдыру