Блогерлер кірістерін 53 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен

/uploads/thumbnail/20250218115201700_big.webp

Бақылау шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаларға 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер белгіленді, нәтижесінде ағымдағы жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді. Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударамыз. Көрсетілген міндеттемелер Қазақстан Республикасының Конституциясында және Салық кодексінде белгіленген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар