Қанат Шарлапаев жаңа қызметке келді

/uploads/thumbnail/20250228160627931_big.webp

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев жаңа қызметке келді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев 1981 жылғы 9 шілдеде Ресей Федерациясында дүниеге келген.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі.

Сондай-ақ, Президенттің Жарлығымен тағы бірнеше ауыс-түйіс болды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлады Ақордадан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар