Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өрт шығу қауіпі жоғары маусымның басталуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.
Министрдің айтуынша, былтыр ылғал көп болуына байланысты дала мен орманда шөптің қалың шығуы байқалды, бұл болса биыл өрт қаупін арттырып отыр.
"Былтыр өте ылғалды болды және бәріңіз байқаған боларсыз далада да, орманда да шөп биік шықты. Биыл ол қиындық туғызады – құрғақ шөп жанады. Әрине, бұл жерде сіздердің көмектеріңізсіз болмайды. Сондықтан сіздерге жүгінемін – дала өрттеріне бей-жай қарамаңыздар", – деді министр.
Ерлан Нысанбаев өрт ошақтарын байқасаңыз, дереу тиісті қызметтерге немесе ТЖМ-нің жедел желілеріне хабарлау қажет екенін баса айтты.