Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы өтеді.
Күн тәртібіндегі тақырып: "Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл"
Алдағы сессия жұмысына 1600-ден астам қатысушының келуі күтілуде. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, өңірлерден келген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері бар.