Ең үздік қымыз байқауының жеңімпазы 45 миллион теңге сыйақы алады

/uploads/thumbnail/20250522135526367_big.webp

Астанада ең үздік қымызды анықтауға арналған байқау өтеді.

Шілде айында Астанада елдегі барлық қымыз өндірушілер мен жылқы шаруашылығымен айналысатын фермерлерді біріктіретін "BaiQymyz" атты үлкен фестиваль өтеді.

Жобаны қолдау мақсатында отандық қымыз өндірушілер, Астанада тұрғындар мен қонақтар алғашқы қымызды қарсы алуға арналған көне қазақ дәстүріне негізделген Қымызмұрындық мерекесін атап өтті.

Жобаның басты мақсаты – отандық қымыз өндірушілерге қолдау көрсету, дәстүрлі қазақ сусынын заманауи дастархандарға қайта оралту және оның пайдалы қасиеттері туралы кең аудиторияға кеңінен таныстыру.

Шілде айында "BaiQymyz" атты үлкен фестиваль өткізіліп, қымыз өндірушілер "Ең үздік қымыз" атағына таласады. Жеңімпаз 45 миллион теңге сыйақы иеленеді. 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар