Тәуелсіздік vs рейтингтер. Неліктен мемлекеттер бөтен елдің критерийлерін ұстанбау керек

/uploads/thumbnail/20250714155525120_big.webp

Халықаралық рейтингтер ұзақ уақыт бойы жаһандық геосаяси құралнаманың бір бөлігі болды. Түрлі ҮЕҰ мен ғылыми орталықтар жариялаған, бір көзбен қарағанда, зиянсыз болып көрінетін тізімдер демократия мен баспасөз бостандығы деңгейінен бастап әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен сыбайлас жемқорлықты қабылдауға дейін барлық саланы қамтиды. Алайда, көзге көрінерлік объективтіліктің артында қысым, әсер ету және манипуляцияның неоколониалды құралы жатыр. 

Бұған мысал ретінде жыл сайын «әлемдегі ең қуатты армиялардың» рейтингін жариялайтын Global Fireрower (GFP) индексін келтіруге болады. Бұл мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары белсенді пайдаланады, алайда оны бірде-бір халықаралық әскери құрылым мойындамайтынын және оны бастапқыда америкалық блогер Даниэл Пучек әзірлегенін көпшілік біле бермейді. GFP әдістемесі академиялық стандарттарға сәйкес келмейді: бағалау күрделі, бірақ ол әскерлерге флоттар, адами ресурстар, география және логистика үшін ұпай беретін немесе алып тастайтын мүлдем жабық формула бойынша құрастырылады. Мысалы, көптеген танкісі бар Моңғолия армиясы рейтингте Канададан төмен орналасуы мүмкін, өйткені Канада теңіз флотына ие. Рейтингті құрастыру кезінде нақты қауіп-қатердің болу-болмауы, мемлекеттердің стратегиялық міндеттері мен қорғаныста басымдық берілетін тетіктер ескерілмейді. Әскери сарапшылар әдістің миға қонымсыздығын бірнеше рет атап өтті. GFP - бұл бұқаралық ақпарат құралдарына арналған көз бояушылық қана

Қос стандарттардың жарқын мысалы ретінде Freedom House жариялаған Freedom in the World рейтингін келтіруге болады. Бұл ұйым өзін демократиялық бостандықтардың қорғаушысы ретінде танытады, бірақ оның зерттеу әдістемесі маңызды сұрақтар туғызып отыр. АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдерінде адам құқықтарының жүйелі бұзылуы (наразылық шерулерін күштеп тарқату, жаппай ұстау, травматикалық қаруды, су атқыштарды қолдану) жүйелі түрде айтылмай қалып немесе оған жеңіл баға берілген мезетте, Орталық Азия, Таяу Шығыс немесе Африка елдері «белсенділер» деп танылған азаматтарға қарсы ұйымдастырған кез келген шара үшін қатаң сынға ұшырайды. Сонымен бірге, батыстық «сарапшылар» көптеген «саяси тұтқын» деп аталып кеткендердің бопсалау, жалған ақпарат тарату, сыбайлас жемқорлық қылмыстары немесе радикалды, кейде террористік ұйымдарға қатысу сияқты нақты қылмыстық баптар үшін сотталғанына әдейі назар аудармай отыр. Мұндай «рейтингтер» шындықты көрсетпейді, олардың мақсаты -  тұрмыстық қылмыс жағдайларына саяси астар беріп, белгілі бір мемлекетке халықаралық қысым көрсететін үгіт-насихат құралына қол жеткізу

Amnesty International және Human Rights Watch те жүйелі түрде бір жақты тәсілді қолданады. 2021 жылы Amnesty Алексей Навальныйдың экстремистік мәлімдемелерінің дәлелдері пайда болғаннан кейін оны «ар-ождан тұтқыны» деп атаудан бас тартты, бірақ содан кейін аудиторияның қысымымен өз шешімін өзгертті. Басында бұл шешім Amnesty-дің зорлық-зомбылыққа шақырғандарға «ар-ождан тұтқыны» мәртебесін беруге тыйым салатын ішкі ережелеріне негізделген. Осындай репутациялық өзгерістер бейтараптықты емес, саяси жағдайға және батыстық медиа ортаға тәуелділікті көрсетеді.

Мұндай таңдаулардың бір мысалы - Reporters Without Borders (RSF) баспасөз бостандығы индексі. Осы рейтингке сәйкес, тәуелсіз медиа нарықтың айтарлықтай кеңеюіне қарамастан, Қазақстан жылдар бойы тұрақты түрде аутсайдерлер қатарында  тұр. Жеке және өңірлік БАҚ саны мемлекеттік БАҚ үлесінен асып түсті, шетелдік БАҚ тіркеліп, еркін жұмыс істейді. Дәл осы кезде жыл сайын журналистердің жаппай ұсталуы тіркелетін АҚШ, Ұлыбритания және Франция (АҚШ-та тек 2022 жылы наразылық шерулері туралы ақпарат жариялаған 100-ден астам журналист ұсталды) «демократияның тірегі» деп аталады. Ұлыбританияда 2023 жылы Online Safety Act Заңы бойынша әлеуметтік желілерде «мемлекетке қарсы» пост жазған азаматтарға қатысты 2000-нан астам сот шешімі тіркелді. Алайда, RSF бұл елдердің рейтингін төмендетуге асықпай, жүйелік мәселелерге көз жұмуды жөн көреді. Батыс әрдайым «баршаға үлгі» болса, қалған елдер нақты ахуалға қарамастан үнемі құқық бұзушылар болып қала береді.

Transparency International компаниясының сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі де ерекше назар аударуға лайық. Мұндағы бағалау тергеулерге немесе сот шешімдеріне емес, «сарапшылар» мен бизнес өкілдерінің сауалнамаларына негізделген. Ел нақты реформалар үшін емес, көбіне, тек өз позицияларын қорғауға мүдделі олигархиялық капитал есебінен қаржыландырылатын түсініксіз «сарапшылардың» пікірі үшін жоғары балл алады. Дәл сол кезде ЕО-дағы ірі сыбайлас жемқорлық жанжалдары - мысалы, 2022 жылы Еуропарламенттегі Qatargate ісі - Бельгияның немесе Италияның рейтингтегі позицияларына мүлдем әсер еткен жоқ. Бірақ та бағалау межелері заңсыз шығарылған активтерді қайтару, кірістерді декларациялау, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған шенеуніктерге қатысты ашық соттар туралы заңдар қабылдаған Қазақстанға қатысты өзгерістерді тіркеген жоқ.

Көптеген рейтинг бастапқыда ғылыми өнім ретінде емес, неоколониалдық саясаттың саяси құралы ретінде құрылды. 2010- жылдары бостандық пен демократияға қам жеп отырған кейбір белсенділерді АҚШ пен ЕО-ның үкіметтік және жеке қорларымен үлестес құрылымдар тікелей қаржыландыратыны белгілі болды. Резонанстық жағдай - The Economist Intelligence Unit-тің «Democracy Index» баяндамасын демократияға «викториандық көзқарасы» және «сайланған либералды демократия» моделін жалғыз дұрыс деп танығаны үшін, тіпті батыс саясаттанушылары да сынға алды. 

Көптеген жағдайда халықаралық рейтингтерді сынайтындар мынаны атап көрсетеді: мемлекеттер, әсіресе, дамушы мемлекеттер, ережелерін бейтарап төреші емес, идеологиялық тұрғыдан уәжді тарап жазған ойынға тартылады. Осы индекстерге сәйкес келу әрекеттері нақты реформаларды «түртпе» мен «ұпайлар» үшін симуляциямен алмастыруға әкеп соқтырады. Ал, осы ҮЕҰ атынан сөйлейтін батыс елдердің азаматтары, көбіне, бұл рейтингтер туралы білмейді де. Pew Research Center сауалнамаларына сәйкес, АҚШ пен ЕО азаматтарының 60% - дан астамы Freedom House немесе Reporters Without Borders туралы естімеген және оларды ішкі саясатқа әсер ететін ресурс деп қабылдамайды.

Осылайша, бұл рейтингтерге толық сеніммен қарау интеллектуалды неоколониализмге, яғни өз саясатының егемендігін жоғалтуға апаратын тікелей жол болып табылады. Бөтен, тәуелді өлшеу жүйелеріндегі виртуалды ұпайлар үшін жарыс бізге жат ҮЕҰ диктатурасына және олар енгізген геосаяси күн тәртібін қабылдау дегенді білдіретінін түсіну қажет. Тәуелсіздік - бұл жаһандық трендтерді елемеу емес, бірақ қос стандарттарға құл болу да емес. Бұл - прогресс және деградацияның не екенін анықтауға, демеушісіне байланысты критерийлері де өзгеріп отыратын «шетелдік сарапшыларды» емес, өз халқын тыңдауға және олардың қажеттіліктеріне бет бұру құқығы.

Қатысты Мақалалар