Трамп Қытай Тайваньға шабуыл жасаса, Сиден көңілі қалатынын айтты

/uploads/thumbnail/20260111154757497_big.webp SM

АҚШ президенті Дональд Трамп "Қытай менің президенттігім кезінде Тайваньға әскери шабуыл жасамайды" деп мәлімдеді. Бұл пікірін ол Венесуэлада жүргізілген АҚШ операциясынан кейін Қытайға «қауіпті прецедент» қалыптасты ма деген сұраққа жауап бере отырып айтты.

Трамптың сөзінше, Венесуэладағы әрекет «нақты қауіпке» байланысты жасалған және Тайвань жағдайымен салыстыруға келмейді. Ол Тайваньға шабуыл жасалса, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннен «көңілі қалатынын (very unhappy)»  ашық жеткізгенін айтты.

«Си Тайваньды Қытайдың бір бөлігі деп есептейді. Бұл — оның көзқарасы. Бірақ мен оған мұндай қадамға барса, одан көңілім қалып, өте наразы болатынымды айттым. Менің президенттігім кезінде ол мұндайға бармайды деп ойлаймын», — деді Трамп. ( Ағыл: Xi considers it to be a part of China, and that’s up to him what he’s going to be doing. But I’ve expressed to him that I would be very unhappy if he did that, and I don’t think he’ll do that. I hope he doesn’t do that).

Алайда Трамп Қытай басшысы бұл әрекетті АҚШ-та басқа президент келгеннен кейін жасауы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Осы мәлімдемеге жауап ретінде Қытай Сыртқы істер министрлігі Тайвань мәселесі Қытайдың ішкі ісі екенін және сыртқы күштердің араласуына жол берілмейтінін мәлімдеді.

Сарапшылар Тайвань төңірегіндегі жағдай АҚШ–Қытай қатынастарындағы ең қауіпті геосаяси түйіндердің бірі болып қала беретінін айтады.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар