Тоқаев Конституциялық комиссия құрылған соң Жалпыхалықтық референдум өтетін уақыттың белгіленетінін айтты:
Жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз. Әлемдегі ахуал тым шиеленісіп тұрғанына қарамастан біз елімізде күрделі әрі түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырдық. Халықтың қамы, мемлекеттің мүддесі – мен үшін баға жетпес құндылық. Алдағы уақытта да елімізді дамытып, тәуелсіздігімізді дамыта түсу жолында бар күш-жігерімді салып еңбек ете беремін.