Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциямыздың мәтінінде жекелеген қателер барын айтты.
Конституциямыздың мәтінінде жекелеген қателер бары анықталды. Кезінде терминологиялық, стильдік кемшіліктерге жол берілген. Конституциялық реформа аясында осы олқылықты да түзеуіміз керек. Біз Ата заңның преамбуласын ұлттық құндылықтарымызды айшықтап, қанша заман өтсе де, өзекті болып қала беретіндей етіп қайта жазуымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент айтуынша, бұл жұмысқа заңгерлермен қатар, білікті тіл мамандары шақырылады.