«Заң бұзсаң – жауап бер!»: Қазақстанда құқық бұзушылықтарға қарсы нөлдік төзімділік қағидаты қалай енгізілуде?

/uploads/thumbnail/20260420213710635_big.webp Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда жазаның бұлтартпастығына және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға баса назар аудара отырып, құқық бұзушылықтарға қарсы нөлдік төзімділік қағидатын іске асыру күшейтілуде. Жаңа тәсілдер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру саясаты шеңберінде талқылануда.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, негізгі міндет – кішігірім заңбұзушылықтар жасаған адам да жазасыз қалмауын қамтамасыз ету. Бұл қоғамда кез-келген заңға қайшы әрекет, ауқымына қарамастан, құқықтық баға алуы керек деген түсінікті қалыптастыру  маңызды екені белгілі.

«Еліміздегі кез келген адамнан сұрап көріңіз. Олар қаланың таза болғанын қалайды. Қала ішінде темекі тұқылын, түкірікті, қоқысты немесе орындыққа жабыстырылған сағызды көргісі келмейді. Солай емес пе?! Бірақ пәтеріндегі қоқысты лақтыруға ерініп, есік алдына немесе кіреберіс жанына тастап кететіндер де бар. Оны тазалық қызметкерлерінің алып тастауын асыға күтетіндер де жоқ емес. Бұл жерде осындай заңбұзушылықтарға деген нөлдік төзімділік қағидасы керек. Мен бұл қағиданы қос қолдап қолдаймын. Нөлдік төзімділік дегеніміз – қатаң тәртіпті қамтамасыз етеді», дейді мәжіліс депутаты Павел Казанцев.

Сарапшылар нөлдік төзімділік қағидаты бақылауды күшейтуге ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуға да бағытталғанын атап өтті. Бұзақылық, вандализм немесе қоғамдық тәртіпті бұзу сияқты ұсақ бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту аса ауыр қылмыстарды азайтуға ықпал етуі керек.

Ал бұл қағиадаеы іске асыру құралдарының бірі полиция жұмысының тиімділігін арттыру және процестерді цифрландыру болып табылады. Бейнебақылау жүйелерін, электрондық дерекқорларды және автоматтандырылған Қызметтерді пайдалану бұзушылықтарды тезірек анықтауға және оларға жауап беруге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек халық арасында құқықтық мәдениетті тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. Білім беру мекемелерінде және БАҚ арқылы заңға және қоғамдық нормаларға құрмет қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл қағиданың дұрыс жұмыс істеуіне елдегі азаматтар да өз үлесін қоса алады дейді парламент депутаты.

«Мысалы мен көшеде қоқыс тастаған азаматты көріп қалдым. Ол азаматтың іс-әрекеті заңға қайшы екеніне сенімді болсам міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабарлаймын. Бұл «тоқылдақтық» немесе «қатыгездік» емес. Мен елдегі тәртіпті сақталуына үлес қостым. Мұны әрбір жанашыр Қазақстан азаматы осылай түсінуі керек. Өркениетті елдердегі барлық адам осылай жасайды. Бүкіл әлем. Сол себепті елдегі тәртіпті бірнеше адам емес бүкіл халық болып қамтамасыз ете алуымыз керек. Сонда ғана өркениетті ел бола аламыз», дейді Павел Казанцев.

Бұл қағиданың дұрыс жұммыс істеуі үшін қоғамның қатысуы маңызды элемент болып қала береді. Азаматтар белсенді ұстаным танытуға, құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға және өз қауымдастықтарында тәртіпті сақтауға міндетті.

Сарапшылар да нөлдік төзімділік принципін енгізу Заңның қатаңдығы мен азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе — теңдікті талап ететін ұзақ мерзімді процесс екенін атап көрсетеді.

Бұл саясатты одан әрі іске асыру қауіпсіздік деңгейін арттыруға, тәртіпті нығайтуға және қоғамда кез келген құқық бұзушылықтан орнықты бас тартуды қалыптастыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар