Кеше Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үйінде «Көші-қонның бүгінгі жағдайы» атты дөңгелек үстел өтіп, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №421-V Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды.
Заңға енген өзгерістер мен оның тиімді жақтарын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілі Марат Тоқсанбаев баяндап өткен соң, қауымдастықтың өкілі Сұлтанәлі Балғабаев баяндама жасап, заңның артықшылықтары да, кемшілік тұстары да бар екенін атап өтті. Сонымен бірге, Сыртықы істер министірлігінің өкілдеріне виза мәселесін реттеу туралы өтінішін айтып өтті. Сұлтанәлі мырзаның баяндамасынан осы заңның Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының арқасында қабылдағанын «байқадық». Бұл ретте, қасқырдың қуалап жүріп әрең ұстаған қоянын жейін деп жатса, түлкінің «бәріміз, жабылып жүріп әрең ұстадық қой» дегені есімізге келіп, еріксіз езу тарттық.
Бұл талқыны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев жүргізіп, жоғарыдағы екі баяндамадан соң кейінгі кезекті сұрақтарға берді. Сұрақ кезегінде, Көші қон полициясы өкілдерінен Шығыс танушы ғалым, профессор Нәбижан Мұхаметжанұлы 2013 жылғы заңға өзгерістер енгеннен бері азаматтық алмақ тұрмақ, тұрақты тіркеуге өте алмай ешқандай тіркеусіз, визасыз жүрген қандастардың бар екенін айтып, оларға мәлім айыппұл салып, құжаттарын іреттеп берулерін сұрады. Көші-қон полициясы да бұл мәселеге кет ары емес екенін айтып, жаңа жылдан кейін шешімін табатынын айтты. Ақын Алмас Ахметбекте сөз кезегінде көші-қон саласындағы келеңсіздіктерден бір отбасы бірнеше бөлініп жүргенін, күнде бір қандастың көмек сұрап телефон шалатынын айта келіп, тентіретіп жібергендер де тентіреп жүргендер де кешегі бір атаның ұрпақтары екенін айтып, көші-қон саласының қызметкерлерін бауырмал болуға шақырды.
Бұл жиналыстағы ең көп талқылаған «сотталмағаны туралы» анықтаманы талап ету мәселесі болды. Айта кетейік, екі жылдан бергі сөз болып келе жатқан аты шулы екі анықтама болған еді. Бүкіл БАҚ болып үн қосып, ақын Ауыт Мұқибек сияқты бір қатар азаматтар депутаттар мен министрлердің алдына барып түсіндіріп, үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке хат жазып жүріп бір анықтаманың күшін жойған еді. Қытайдан келетін қандастар үшін бұл екі анықтаманы талап ету – Отаныңа келуіңе қарсымыз деген сөзбен бірдей деп Қытай үкіметінің осы жылғы тамыздың 25-інен бастап он сегіз түрлі анықтаманың жеке адамдардың қолына берілмейтіндігі туралы қаулысының көшірмесін Мәсімов мырзаға дейін көрсетсе де, түсінгісі келмейтіндер әлі түсінбей отыр. Жиында «Жебеу» қоғамдық қорының басшысы Рахым Айып жоғарыдағы қаулыны айта отырып, «Сотталмады» деген анықтаманы енді Қытай үкіметі ешқашан бермейтіндігін, бұл анықтама қазаққа бүйрегі бұратын адам үшін аса үлкен мәселе емес екенін, бұған дейін де бір қаулы арқылы күшін жойғандығын айта отырып, Ішкі істер министрілігі қазақ өз отанында болсын десе өз ішінде бір қаулы шығарып қана бұл талапты жою қолдарынан келеді деген үмітін білдірді. Жиынға келген кісілердің бірі Ресей үкіметінің азаматтыққа қабылдау анкетасын көрсетіп, сол анкетадағыдай сотталған сотталмағанын біздің де Ішкі істер министрлігі азаматтыққа өтініш беретін анкетаның ішіне кіргізіп, Өтініш беруші жауабын сонда жазса, анкетадағы жауапқа сену, сенбеуді Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері өздері білсе, сенбесе өздері тексеріп алсын деген ұсынысын білдірді. Жалпы жиналғандардың басым бөлігі қандастардың сотталған, сотталмағанын Ішкі істер министрлігі қандастардан талап етпей, өздері тексеріп білсе деген ұсыныстарын айтты.
Жалпы бұл жиында сөз алған Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының өкілдерінің сөзіне қарап, қауымдастық бұл талқыны сырттан келген 5 қазақтың арасына от жағу үшін ұйымдастырды ма деп те ойладық. Олай дейтініміз, қауымдастықты жағалап жүрген бір қандасымыз, «қытайдағы қазақтардың Қазақстанға келу ойы жоқ» деп айды аспаннан шығарды. Оның бұл сөзіне залда отырған ағайындар реніштерін білдіріп жатты. Ол ғана емес, қауымдастықтың мүшесі Сұлтанәлі Балғабаев та «Еуропа қазақтарының біреуінің қолында 5 елдің паспорты бар» деп негізсіз сөздермен пәле-жаланы қандастардың өзіне аударғысы келді.
Жиын соңына таяу сөз сұрап мен де өз ұсыныстарымды айтып кеттім. Көші-қон саласының 24 жылдан бергі алға жылжымай келе жатқаны заңнан гөрі ұйымдастырушылдық пен тәртіптің жоқтығы екенін айтып, Қауымдастық енді көшті ұйымдастыру мәселесін өз мойынына алып, әсіресе Солтүстік өңірлерге бағыттау керектігін жеткіздім. Тәртіптің жоқтығы дегенім көші-қон полициясының оның ішінде аудан, ауылдардағы бөлімшелерінің өз міндетін мүлде толық атқармайтындығын айтып, жергілікті көші-қон полициясын тәртіпке салуды айттым. Жиналыс соңында жеке кездескен көші-қон полицисының басшысы «Егер жергілікті көші-қон полициялары өз қызметін дұрыс атқармайтын болса, видеоға түсіріп бізге жіберіңдер. Заңсыздықтарды білеміз, бірақ қолымызда дәлел жоқ. Бізге дәлел жіберсеңдер, тәртіпсіздікті түп тамырымен жоямыз. Интернеттен жол сақшыларының заңсыздықтарын түсіріп алғандарын көріп жүрсіңдер ғой, біздің де қызметкердер шектен шықса видеоға түсіріп алыңдар» деді. Ал, қандастар, енді көші-қон полициясына барғанда видеокамераларыңыз сайлаулы болсын.
Еске сала кетсек, бұл заңның негізі артықшылықтары үкімет белгілеген өңірлерге барған қандастар үшін арнайы жеңілдіктер ұсынады. Көшіп келіп оралман мәртебесін алғаннан бастап үш айда бір жыл аралығында, Қазақстанның қай өңіріне келсе де азаматтық ала алады. Студенттер бұдан кейтін уинверситет қабырғасында жүріп ақ Қазақ Елінің азаматтығын ала беретін болды. Жиынға келгендер осы заңдағы «оралман» мәртебесінің тек бір жылға ғана жарамды екенінін тиімсіз екенін, үлкен әулеттер үшін бір жылда келіп орналасып болудың қйынға соғатынын айтып, бұл да ертең қандастарды әуре салсаңға салып жүре ме деген күмәндарын білдірді.
Көшті бағытын солтүстікке бұруды ұйымдастырсаңыздар деген ұсынысыма қауымдастықтың өкілдері Ботагөз ханым мен Сұлтанәлі мырза Солтүстікке қарай қандастарды бейімдеу туралы жобалар жасап жатырмыз десе, қауымдастықтың басшысы Талғат Мамашев жиын соңында «бізге міндет беретіндей сендер кімсіңдер?» деп шамырқанды.
Негізі, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы сырттағы қазақтың тыныш тіршілігі мен ертеңін ойлайтын, келген қандастардың ел аумағына сіңіп кетуіне демеу болу үшін, Қазақ Елі қазаққа толтыруға жұмыс жасау үшін құрылған еді ғой. Бірнеше жылдың алдында «Оралмандарға түкіргенім бар» десе, Өткен жылы Қытайдағы қазақтар мен қытайлардың арасында қақтығыс болып, қытайлар қазақтарға «сендердің мал секілді сұрауларың да жоқ» дегенде қандастарға арша болудың орнына, араша болып жүрген 31 - арнаның журналистеріне «әңгіменің бәрін ушықтып жүрген сендерсіңдер» деп кіжінеген еді. Енді келіп бізден сендер ештеңе талап етпеңдер деп отыр. Көші-қон туралы заңның өзгерістері екі жыл бойы қабылданбай, қандастар босқынға айналып кетуге шақ қалғанда үн қатпаған қауымдастық кеше сол заңды өз күштерімен қабылдатқанай сөйлеп отыр. Тіпті, кешегі жиналысын қандастардың арасына ірткі салу үшін ұйымдастырды десек атртық айтқандық болмас. Ендеше, мемлекетке өтірік есеп беру үшін, формалды түрдегі жиналыстар өткізіп, іс біткен соң бар еңбектің иесі өздері болып шыға келетін, қазақтардың арасына алауыздық тудыратындай отырыстар ұйымдастыратын қауымдастықтың кімге керегі бар? Егер Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы дүниежүзіндегі қазақтың мүдесін қорғайды десек, енді басшысы және мүшелері толығымен ауысып қазаққа қызмет жасайтын, ұлттық намысы мен ары бар жандар келуі керек.
Тұрдыбек Құрметхан