Алматы қаласының жергілікті атқару органдарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлік құрамының лауазымдарын жинақтау бойынша іс-шараларды іріктеу жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы "Әскери қызметке запастағы офицерлерді шақыру туралы" №531 қаулысына сәйкес запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жұмыстары жасалып жатыр.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қажеттіліктеріне байланысты іріктеу іс-шаралары артиллерия және медицина мамандықтары бойынша кандидаттар ұсынылады. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының қосымшасына сәйкес әскери-медициналық қызметке 100 запастағы офицер мен 50 артиллерист шақыру тәртібімен шақырылады.
Алматы қаласы бойынша 22 медициналық және 14 артиллерист сала мамандары тартылған. Заңнамаға сәйкес запастағы офицерлер құрамының қызмет ету мерзімі 2 жыл. Бұл әскери қызметке жасы 29 дейінгі ер азаматтар қабылданады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлік құрамының лауазымдарын жинақтау үшін запастағы әскери міндеттілерді іріктеу 2012 жылғы 16 ақпандағы №561 "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес жүргізіледі. Кандидаттар аудандық және қалалық медициналық куәландырудан өтеді. Сонымен қатар психологиялық тест тапсырады.
Запастағы офицерлер әскери қызметін өткеру кезеңінде әлеуметтік қамтамасыз етудің мынадай жеңілдік құқықтары қарастырылған: заттай мүлік үлестер нормалары, жалға алу үшін кепілдік өтемақы, офицерлерге ақшалай үлес, екі жалақы мөлшерінде көтерме жәрлемақы, үстемақылар, сыйақылар және басқа да әлеуметтік жәрдемақылар. Осындай көрсеткіште Қарулы Күштерінің қатары күн санап өсіп келеді. Аталған іріктеу іс-шаралары ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.
Қарлығаш Мұсабекқызы,
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті
Оставить комментарий