Сәбиін соққыға жыққан ананың видеосы қайда түсірілгені анықталды

/uploads/thumbnail/20180528111156026_small.jpg

Видео 2018 жылдың 1 мамырында түсірілген.

Соңғы күндері Қырғызстан мен Қазақстан әлеуметтік желілерінде әйелдің жасқа да келмеген сәбиді аяусыз соққыға жыққан видеосы таралған.

Видеодан әйелдің сәбиді тепкілеп, жұдырығымен арқасынан ұрғанын анық байқауға болады. Видеоға түскен екінші әйел қолына пышақ ұстап тұр, алайда суық қарумен не істегені белгісіз.

Сәбиді соққыға жықты

Жазба тараған уақытта ҚР ІІМ әйелдің іздестіріліп жатқанын хабарлаған. Қырғызстан министрлігі де видеоға қатысты тексеру жұмыстарына кіріскен.

Қырғызстандық Kaktus.media болған оқиғаға қатысты шағын зерттеу жүргізіп көрді. Нәтижесінде видеоның Қырғызстан мен Қазақстанда түсірілмегені анықталды.

«Видео монтаж емес, шынайы. Жазба 2018 жылдың 1 мамырында түсірілген. Оқиға Перуде орын алыпты. Алған жарақаттарының кесірінен сәби қайтыс болды. Ал оны соққыға жыққан әйел туған анасы болып шықты. Видеоға түсіріп тұрған баланың әкесі екен», - делінген  Kaktus.media порталының мәліметінде.

Портал деректеріне сәйкес, видео Перудегі Юнгайо қаласында түсірілген. Жас ата-ана полиция бөлімшесіне 10 айлық сәбидің өлі денесін әкеледі. Ерлі-зайыптылардың сөзінше, бала қатты аурып, ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмған.

Ал полиция бөлімшесіне мәйітханаға жолдама беретін құжаттарды алуға барған көрінеді. Полицейлер тиісті құжаттарды тауып бергенімен ер мен әйелден күдіктеніп, сұрау астына алады. Тергеу уақыты аралығында видео әлеуметтік желіде тарап үлгереді. Жазба полицияның қолына жетіп, ерлі-зайыптылар қамауға алынды.

Связанные Статьи