Астанада бойжеткен аттракционнан құлап кетті

/uploads/thumbnail/20180602141203738_small.jpg

Астананың орталық саябағындағы аттракциондардың бірінен бойжеткен құлап кеткен.

1 маусымда болған төтенше жағдай жайлы қаланың тұрғыны хабарлады.

«Орталық саябақтағы қыз бала отырған «Рогатка» аттракционы үзіліп кетті. Алдымен темірге соқтығысқан қыз аттракцион жібіне байланып, ауада тұрып қалды. Мұны көрген адамдардың есі шықты», - деп жазды Facebook парақшасына Олеся Крестьянинова.

Оның айтуынша, саябақ иелері қауіпсіздік техникасын сақтамайды. Тіпті аттракцион астында төтенше жағдай барысында адамдар жеңіл құлайтын қабат жоқ. Тұрғындар бұл оқиғаға елорда әкімшілігінің назарын аударып, қала ішіндегі аттракциондарды тексеруін талап етті.

Айта кетейік, бұл оқиға алғашқысы емес. Мамырдың басында «Жаннұр»  сауда үйінің маңындағы батут аударылып, бірнеше бала зардап шеккен. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтерді ұсыну» бабы бойынша іс тергеу жұмыстарын жүргізді.

Связанные Статьи