• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:09:47
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 Фото-баян

Әлемдегі ауасы ең лас 10 қаланың тізімі жарияланды (фото)

Ең лас қалалардың тізімінде алғашқы бестіктен көрінгендер – Бейжің, Мәскеу, Нью-Дели және Лос-Анджелес.

Ең лас қалалардың тізімінде алғашқы бестіктен көрінгендер – Бейжің, Мәскеу, Нью-Дели және Лос-Анджелес.

Ауыр өнеркәсіп, өндіріс қалдықтары – мұның бәрі ғаламшардың экологиялық жағдайына кері әсерін тигізетіні хақ.

Пекин

Лас елдердің көшін бастап тұрған Қытай астанасы – Бейжің. Қалада 20 миллионнан көп адам тұрады, таулы аймақта орналасқан қалада теңіз-көлдер жоқ.

Мәскеу

Мәскеуліктер көмірсутектің көп мөлшерде шоғырлануынан зардап шегуде.

Иран

Ирандағы Ахвазу тұрғындары қышқыл жауын-шашынның зардабын көріп келеді. Ол тыныстауды қиындатып, жүректің қалыпты жұмысына кедергі келтіреді.

Нью-Дели

Нью-Дели де ең лас қалалардың алдыңғы шебінде. Мұнда ауадағы шаңның мөлшері тым көп. Қаланың 40% баласы тыныс өкпе ауруларына шалдыққан.

Лос-Анджелес

Лос-Анджелес – әлемдегі ең көп автокөлік жүретін қалалардың бірі. Метрополитенде 13 миллионға жуық адам тұрады, бәрі дерлік жұмысына жеке автокөліктерімен барады.

Дакка

Дакка қаласында жыл сайын ауаның ластануынан 15 мың адам өмірден өтеді.

Каир

Каирде көлік қозғалысының тығыздығы мен өндіріс саласының қарқынды дамуы салдарынан ауа ластанған.

Лахор

Пәкістандық Лахор қаласы да автокөліктің көптігінен зардап шегіп отыр.

Ұлан-Батор

Ұлан-Батор қаласында миллионнан көп адам тұрады, әрі олар бүгінгі күнге дейін көмір мен отын пайдаланып келеді.

Мехико

Мехико ұзақ жылдар бойы әлемдегі ең ірі қала болып саналған. 20 миллион тұрғынның жеке автокөлікпен жүруі ауаның ластануына әкеп соқты.     

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір