• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:37:53
Алматы
+35°

Қызылорда қаласында Демократиялық партияның кездесуіне арандатушылар кедергі жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Жанболат Мамай хабарлады. 

"Қазір ғана Қызылордада биліктің "титушкалары" Демократиялық партияның кездесуіне кедергі жасады. Арандатушылар тобы ешкіммен сөйлесуге мүмкіндік бермеді, олармен бірге постерлер алып келді және кездесу болмас үшін қолдарынан келгенін жасады. Біздің билік осылай жұмыс істейді. Қазақстанда ешқандай демократияландыру туралы айту мүмкін емес. Тоқаевтың атынан сөйлеп жүрген адамдардың айтқанның бәрі - алдау және өтірік! Назарбаев режимі саяси бәсекелестіктен, жаңа саяси партиялар мен қозғалыстардан қорқады. Партияның құрылуы үшін ұйымдастыру комитетіне келген арандатушылықтар мен қысымдар осыған дәлел бола алады", - деп жазды Жанболат Мамай өзінің фейсбук парақшасына. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір