07 Қыркүйек, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Қытай армиясы Үндістан шекарасына жиналып, әскери жаттығуларын бастады. Жергілікті БАҚ Қытай армиясының 1000 сарбазы мен 100 әскери техникасы Қытайдың солтүстік-батысына жіберілгенін хабарлады.
Әлеуметтік желілерде теміржол арқылы ірі қару-жарақ пен цистерналардың тасымалданып жатқанын көрсететін бейнелер жарияланды.
CGTN жаңалықтарының продюсері Шен Ши Вэй видеоны Twitter-ге шығарып, "Күте тұрайық" деп жазған.
Twitter-де жарияланған видеоға байланысты әлеуметтік желі қолданушылар түрлі болжамдар жасаған.
Бір пікір жазушы "Олар Үндістанға шабуыл жасамақ па?" деп сұраса, тағы біреуі "Үндістанды осылай қорқытқысы келеді, бірақ бұл әсер етпейді!" деп жазған.
"Мырза, сіз неге 3Ft сарбаздарыңызды циркке шақырдыңыз? Қаржы мәселесі мен Қытайдан кетіп жатқан компанияларға назар аударыңыз!" деп жазған кейбір әлеуметтік желі қолданушылар.
Жаттығуларды қолдағандар да болған.
Кейбірі "жақсы" және "алға!" деген сияқты қолдау пікірлерін қалдырған.
Жаттығулар Қытай, Үндістан және АҚШ арасындағы шиеленісу жағдайында өтіп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір