• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 19:34:37
Алматы
+35°

Qamshy.kz ақпарат агенттігі тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Саяси сатира" байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан қоғамының кескін-келбетін, бүгінгі жай-күйін, биліктің саяси портретін сатира жанрында бейнелейтін отты, уытты шағын шығармаларды жұртшылық назарына ұсыну, қазіргі қазақ сатириктеріне қолдау көрсету.

Байқаудың шарттары:

  • Шығарма көлемі А4 форматында 1-1.5 беттен аспауы тиіс. Шығарма саяси, қоғамдық, әлеуметтік сипатта өлең түрінде емес, сатиралық проза стилінде жазылуы міндетті.
  • Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
  • Өмірде бар кейіпкерлердің аты-жөні, нақты фактілердің шығармада көрсетілуіне рұқсат етіледі.
  • Конкурсқа қатысқан шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған болуы тиіс.

Бір автордың бірнеше шығарма жіберуіне болады.

  • Конкурс жабық түрде өткізіледі.
  • Жеңімпаз атанған шығармалар "Қамшы" сайтында жарияланады.
  • Қатысушы автор бүркеншік ат қолдануға ерікті.
  • Шығармалар авторға қайтарылмайды және "Қамшы" порталының интелектуалдық меншігі болып саналады. Конкурс жеңімпаздары жақында басталатын ауқымды жобаның авторлары ретінде келісім-шартпен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады.
  • Шығармалар [email protected] электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Қатысушылардың аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі көрсетілуі міндетті. Қажет деп тапса бүркеншік аты қоса жазылуы қажет.
  • Шығармаларды қабылдау 1 шілде күні тоқтатылады.
  • Қосымша сұрақтар бойынша: 8 707 632 4597

     

Жүлде қоры:

Бас жүлде – 300 мың теңге ("Қамшы" порталының арнайы жүлдесі)

Оспанхан Әубәкіров атындағы жүлде – 100 мың теңге.

Қалтай Мұхаметжанов атындағы жүлде – 100 мың теңге.

Шона Смаханұлы атындағы жүлде – 100 мың теңге.

Шығарма авторларының аты-жөні көрсетілмей қазылар алқасына ұсынылады. Қазылар алқасының есімі жеңімпаздар анықталған күні жарияланады.

«Қамшы like» видеожобасынан қапы қалмаңыз!

"Қамшы like" видеожобасы "Саяси сатира" байқауының жемісі. Жоғарыда жазылғандай жақын уақытта елдегі үздік сатириктерді сүйіншілейтін боламыз. Ал келесі қадам "Қамшы like" видеожобасының жұлдызы боламын деген талантты актерді анықтау. Ол үшін төмендегі шарттарды оқыңыз да керемет мүмкіндіктен қапы қалмаңыз!

"Қамшы like" видеожобасының жұлдызы болуға үміткелер үшін:

  1. Қатысушының ұлтына, жынысына шектеу қойылмайды. Жас мөлшері 18-45 аралығындағы кез келген талант қатысуына болады.
  2. Талапкер кастинг шарттарына сай әртістік шеберлігін көрсете алатын өзі қалаған шағын қойылымды ойнап беруі тиіс.
  3. Қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан берілген тапсырманы орындап көрсету міндеттеледі (сатиралық шығармадан, белгілі туындылардан үзінді, юморлық диалог, шағын миниатюра, пародия т.б.)
  4. Алматы қаласы және қала маңындағы үміткерлер үшін кастинг офлайн форматта өткізіледі. Ал алыс аудандағылар кастингке онлайн форматта қатысады.
  5. Қатысушы өзі туралы толық мәліметті [email protected] эл.поштасына жіберуі тиіс.
  6. Жеңімпаз тұрақты жалақымен, Алматы қаласында тұратын пәтермен, жол шығындарымен қамтамасыз етіледі. Яғни барлық жағдайы жасалады.
  7. Кастинг шілле айының 1-і мен 10-ы аралығында өтеді. "Қамшы like" жобасының барлық өнімдері заңмен қорғалады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір