Жапон ханшайымы корольдік мәртебеден бас тартып, қарапайым жігітке күйеуге шықты

/image/2021/10/26/crop-10_7_525x952__121220483_gettyimages-1349102717.jpeg

Жапония ханшайымы Мако колледждегі сүйіктісі Кей Комуроға тұрмысқа шығып, өзінің корольдік мәртебесінен айырылды.

Жапон заңы бойынша императорлық отбасының әйел мүшелері "қарапайым адамға" некеге тұрғанда өз мәртебесін жоғалтады. Алайда император әулетінің ер мүшелері өз мәртебесін жоғалтпайды.

Ол сондай-ақ корольдік үйлену тойының рәсімдерін өткізбеген әрі император отбасынан кеткен кезде әйелдерге ұсынылатын төлемнен бас тартқан.

Ол патша отбасындағы бәрінен бас тартқан алғашқы әйел.

Ерлі-зайыптылар үйленгеннен кейін АҚШ-қа көшеді деп күтілуде. Комуро АҚШ-та заңгер болып жұмыс істейді.

Бұл қадамнан кейін олар британ король әулетінің мүшелері Меган Маркл және ханзада Гарримен салыстырылды. Жас жұбайларға "Жапондық Гарри мен Меган" деп лақап ат та берілген.

Маркл ханым сияқты, Комуро мырза да Мако ханыммен қарым-қатынасы жарияланғаннан бері бұқаралық ақпарат құралдары жағынан қатты бақылауға алынды. Жақында Комуро Жапонияға оралғанда желке шашын буғаны үшін сынға ұшырады.

Кейбір таблоидтық газеттер мен әлеуметтік желі қолданушылары оның Жапониядағы дәстүрлі емес шаш үлгісі "ханшайымға үйленетін адамға лайық емес" деп санайды.

Комуро мырзаға деген өшпенділіктің анық себебі де бар. Кейбір дәстүршіл жапондар император отбасы үшін Комуро мырза лайықты емес деген пікірде.

Нью-Йорктегі ең жақсы заң фирмасынан жұмыс ұсынысын алған Комуро қарапайым отбасыдан шыққан. Ал, жергілікті таблоидтар жылдар бойы оның отбасына, соның ішінде анасына қарсы айыптаулар тағып, мақалалар жариялап келеді.

Өткен бірнеше жылда олардың жүріс-тұрысын бақылауға алған жапондық БАҚ-тың аяусыз мақалаларынан кейін ханшайым Мако қатты күйзеліске ұшыраған.

"Ол БАҚ жағынан жапон император әулетіндегі депрессияға ұшырап, зардап шеккен жалғыз әйел емес" деп жазады BBC.  

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар