Фото: Ашық дереккөз
Әлемдегі ең бай адам Илон Маск өзінің Tesla акцияларын сатуға дайын екенін және әлемдегі аштық мәселесін шешу үшін 6 миллиард доллар жұмсайтынын айтты.
Маск Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WTF) директоры Дэвид Бислидің твиттеріне берген жауабында мәлім етті.
Бисли өзінің твиттерінде Илон Маск байлығының 2%-ы (6 миллиард доллар) ашаршылықтан зардап шеккен 42 миллион адамды құтқаруға көмектесетінін жеткізген.
Осыдан кейін Маск твиттерде 6 миллиард доллар әлемдегі аштықты шешуге қалай көмектесетінін сұрап, Tesla акцияларын дереу сатып, 6 миллиард долларды қаржыландыратынын айтты.
Маск артынша, "бірақ бұл ашық есеп болуы керек, сондықтан халық ақшаның қалай жұмсалатынын нақты көреді" деп қосты.
Дегенмен зерттеуші, доктор Эли Дэвид сұрақ қойғаннан кейін, Бисли 6 миллиард доллар дүниежүзіндегі аштықты шешпейтінін, бірақ "геосаяси тұрақсыздықты, жаппай көші-қонды болдырмайды және ашаршылық алдында тұрған 42 миллион адамды құтқаратынын хабарлады.
Бисли Маскқа ақшаның жұмсалуы бойынша "ашық есеп жүйесі бар" екенін айтты.
– Сіздің көмегіңізбен үміт сыйлай аламыз, тұрақтылық орната аламыз және болашақты өзгерте аламыз. Әңгімелесіп көрейік: бұл "Falcon Heavy" (Маск өндіретін космостық зымыран - ред) сияқты күрделі емес, – деді Бисли.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір