12 Қараша, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
"Қазгидромет" 13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің дерегінше, республиканың барлық өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.
Батыста ауа температурасы түнде -5 градусқа дейін төмендейді, күндіз +10 градусқа дейін жылы болады. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс пен орталық аймағында түнде сынап бағаны -1,-10 градус, күндіз +7 градусты көрсетеді. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -1,-10 градус аяз болады, күндіз +10 градус жылы болады деп болжанады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір