• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:51:22
Алматы
+35°

АҚШ-тың аңызға айналған саясаткері Генри Киссинджер Қытай алдағы онжылдықта Тайваньды бақылауына алу үшін соғыс ашатынына сенбейтінін айтты.

АҚШ-тың бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі және мемлекеттік хатшысы жексенбі күні CNN арнасына берген сұхбатында "Мен Тайваньға, айталық, алдағы 10 жылда жаппай шабуылды күтпеймін. Менің пікірімше, солай. Егер текетірес күшейе берсе, қытайлықтар Тайваньның автономды қабілетін әлсірететін шараларды қабылдауы мүмкін. Меніңше осылай болжауға болады" деді.

Бұған дейін Вашингтондағы екі саяси партия (республикашылдар мен демократтар) өкілдері Си Цзиньпиннің Тайваньға ықтимал соғысы туралы дабыл қаққан болатын. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір