• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 16:58:03
+12°

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен 2021 жылдың соңына дейін бюджеттің игерілу мәселесін талқылаған жиын өтті, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Жасұлан Естенов осы тақырыпқа байланысты қазіргі жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, облыс бойынша 2022 жылдың 1 қаңтарына жоспар 816,9 млрд. теңгені құрайды, бюджеттің болжамды орындалу жоспары - 98%.

Негізгі баяндамашының сөзінен кейін облыс әкімі Қанат Бозымбаев мұнан соң бюджеттің игерілмеу көрсеткіштері жоғары болып отырған бірқатар басқармалардың басшыларын, аудан, қала әкімдерін тыңдады. Олардың қатарында құрылыс, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, білім, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, сол сияқты Алакөл, Ескелді, Кеген, Қарасай аудандары мен Талдықорған қаласының әкімдері бар.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев қалыптасқан жағдайдың басты себебі жұмыстың тиімді ұйымдастырылмауы екенін еске салып, олардың жұмысын қатаң сынға алды.

Жиын барысында жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды қолға алу міндеттері жүктелді. Атап айтқанда, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, аудан, қала әкімдеріне экономика басқармасымен бірлесіп қайта бөлуге жататын жергілікті бюджеттің шығыстары бойынша жұмысты пысықтауды, қолданыстағы заңнама шеңберінде Ұлттық қордан бөлінген бюджет қаражатын барынша игеру шараларын қабылдауды тапсырды.

- Кейбір облыстар республикалық бюджеттен жеткілікті көлемде қаржы ала алмай жатады, ал сіздер барлық мүмкіндік жасалып отырғанда игермеуге жол беріп отырсыздар. Бұлай болмайды! Жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмау осындай салдарға әкеп соқтырып отыр. Сондықтан тез арада бір аптаның ішінде жергілікті бюджет қаржысын қайта бөлудің тиімді шараларын қабылдау керек. Ұлттық қордан бөлінген қаржыны сапалы игеруге барынша қол жеткізуге тиіспіз. Құрылыс нысандарындағы жұмыстың кешеуілдеуіне жол берген ықылассыз мердігер ұйымдарды «қара тізімге» енгізіп, келесі жылғы жобаларға қатысуына жол бермеу керек! Алыс өңірлерден келетін мердігерлердің орнына барлық қажетті материалдық-техникалық базасы бар жергілікті ұйымдарға көбірек көңіл бөліңіздер. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына жергілікті бюджет қаражатын бөлу жұмыстарын қайта қарауды, қаржыны жоғары деңгейде дайынғы бар нақты жобаларға ғана бөлуді тапсырамын. Орынбасарларым өздері жетекшілік ететін салалар бойынша бюджеттің орындалуын жеке бақылауларына алсын. Шарт жасасу жұмыстарын аяқтауға 20 күн қалды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты ширату керек, - деді Қ.Бозымбаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы облысы бюджет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір