Денсаулық сақтау министрлігі 8 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 683 адамнан коронавирус, 115 адамнан пневмония анықталған. 7 желтоқсанда 12 адам коронавирустан, 1 адам пневмониядан көз жұмған.
9 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 353 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 404 пациент стационарда, 17 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 349 адамның жағдайы ауыр, 85 пациенттің жағдайы өте ауыр, 60 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола облысы "қызыл" аймақта тұр.
Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
9 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 821 764 адам вакцинаның I компонентін, 8 243 463 адам II компонентін салдырған.
Пікір қалдыру