Екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары 9 желтоқсанда онлайн оқиды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы хабарлады.
Мұндай шешім ауа райы жағдайына байланысты қабылданып отыр.
"9 жетоқсанда ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысады" делінген басқарма мәлімдемесінде.
Синоптиктер дерегінше, Нұр-Сұлтанда ауа температурасы түнде минус 28-30 грудус, күндіз минус 15-17 градусқа дейін төмендеген.
Пікір қалдыру