Елде өткен тәулікте 554 адамнан коронавирус анықталды, тағы 20 адам көз жұмды

/image/2021/12/12/crop-297_13_1054x1406_ef33e2a4-c722-4888-a479-de59649d8928.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі 11 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 554 адамнан коронавирус, 65 адамнан пневмония анықталған. 10 желтоқсанда 15 адам коронавирустан, 5 адам пневмониядан көз жұмған.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 21 211 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 145 пациент стационарда, 17 066 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 332 адамның жағдайы ауыр, 85 пациенттің жағдайы өте ауыр, 66 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 852 029 адам вакцинаның I компонентін, 8 286 016 адам II компонентін салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар