Сот Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа жіберілу себебін түсіндірді

/image/2021/12/13/crop-153_6_697x929_maxresdefault.jpg

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты изоляторда отырған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа жіберілу себебін түсіндірдірді. Бұл туралы "Ақ жайық" басылымы мәлімдеді.

Басылым таратқан ақпаратқа сүйенсек, 12 желтоқсан күні Бақытгүл Хаменова үйқамаққа алынғаны белгілі болған. Тергеудің қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылмаған.

Сот күдіктінің екі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана екенін, асырауында қарт анасы барын, Атырауда тұрғылықты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын және бұрын сотталмағанын ескеріген.

Қазіргі уақытта Хаменованың ісі Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі (қомақты көлемде пара алу) бойынша тергеліп жатыр. 

Басылымның хабарлауынша, егер де Хаменованың кінәсі сотта дәлелденсе ол 60 еселенген сома көлемінде айыппұл төлеуі немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 10 желтоқсан күні Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар