27 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігі 26 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 342 адамнан коронавирус, 9 адамнан пневмония анықталған. 25 желтоқсанда 3 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмды.
27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 619 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 2 813 пациент стационарда, 14 806 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 225 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Павлодар, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
27 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 947 986 адам вакцинаның I компонентін, 8 459 231 адам II компонентін салдырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір